Жазбаларды көрсету 341-360 из 373.

Республикалық «Мерген ару- 2023» турнирі өтті

🔵2023 жылғы 30 қазан - 2 қараша аралығында Ақтөбе қаласында Ұлы Отан соғысы батыры Әлия Нұрмұхамедқызы Молдағұлованың ерлігін еске алуға арналған қыздар арасындағы «Мерген ару-2023» пневматикалық мылтықтан нысана көздеп ату Республикалық турнирі өткізілді.

2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы

📒Конкурстың басты мақсаты: балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының зияткерлік - шығармашылық әлеуетін ынталандыру.

Жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсы өтті

РҒПО «Дарын» ұйымдастыруымен 2023 жылғы 30-31 қазан күндері Ақтөбе қаласында «Білім – Инновация лицейі» КММ базасында 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсы өтті.

"Alem First Championship" чемпионаты өтті. Оқу жаттығуға республика бойынша 50 команда қатысты.

🔶Абай облысы намысын қорғаған Электротехникалық колледжі және Шәкәрім атындағы №5 гимназиясы 🥇I орынға ие болды. Команда мүшелері Электротехника колледж студентері ▫️Қабылсовет Азамат, ▫️Нестеренко Руслан, Шәкәрім атындағы №5 гимназия оқушылары ▫️Олжас Самархан,▫️Радмир Жеңісбек. Жатықтырушылары: Нурикенов Ерасыл Айбекович, Айдос Тұрсынбеков.

Ақсуат ауданында “Баскетболға төрешілік ету әдісі, сонымен қатар төрелік ету бойынша шеберлік сабағы» өтті

ДҚББДҒӘ “Дарын” орталығының өлкетану, туризм және спортты дамыту бөлімінің басшысы Мурсалимов Рафаэль Мухаметгалиевич «Баскетболға төрешілік ету әдісі, сонымен қатар төрелік ету бойынша шеберлік сабағын» өткізді.

Республикалық «Мерген ару- 2023» турнирі

2023 жылғы 30 қазан - 2 қараша аралығында Ақтөбе қаласында Ұлы Отан соғысының батыры Әлия Нұрахмедқызы Молдағұлованың ерлігін еске алуға арналған қыздар арасындағы «Мерген ару- 2023» пневматикалық мылтықтан нысана көздеп ату Республикалық турнирі өтуде.

«Зерде» 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының облыстық кезеңі өтеді

2023 жылғы 31 қазанда республикалық «Зерде» конкурсы 2-7 сынып оқушылары арасында Абай облысы, Семей қаласының Шәкәрім атындағы №5 көпбейінді гимназия базасында өткізеді.

Ақсуат ауданының білім бөлімінде «Дарынды балалармен жұмысты «бала-мұғалім-ата-ана» жүйесінде өзара іс-қимылды қамтамасыз ету бағытында әдістемелік көмек ұйымдастыру» тақырыбында роуд-шоу өтті

Роуд-шоуды өткізудің мақсаты: ауданның мұғалімдеріне, ата-аналарға дарынды балаларды анықтау, қолдау және дамытуда кездесетін кедергілерді анықтау және оны шешудің жолдарымен таныстыру, әдістемелік көмек көрсету.

Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ЕКІНШІ (ІРІКТЕУ) КЕЗЕҢІ бойынша қорытындысы

2023 жылдың 20 қазанында республика бойынша бірыңғай күні өткізілген жаратылыстану-математика цикл пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың екінші (іріктеу) кезеңі өтті. Жалпы білім беру ұйымдарының 11 сынып түлектерінен 20 оқушы қатысты.

Көкпекті ауданының білім бөлімінде «Дарынды балалармен жұмысты «бала-мұғалім-ата-ана» жүйесінде өзара іс-қимылды қамтамасыз ету бағытында әдістемелік көмек ұйымдастыру» тақырыбында роуд-шоу өткізілді

Роуд-шоудың мақсаты: ауданның мұғалімдеріне, ата-аналарға дарынды балаларды анықтау, қолдау және дамытуда кездесетін кедергілерді анықтау және оны шешудің жолдарымен таныстыру, әдістемелік көмек көрсету.

Ағымдағы жылдың 13-17 қыркүйек аралығында Астана қаласында XIV Ұлттық Дельфий ойындары өткізілді.

Дельфий ойындары - өнердің барлық түрлерін қамтитын, жас мәдениет иелерінің жан-жақты жарыстары болып табылады, қазіргі уақытта халықаралық алаңда 40-тан астам классикалық және заманауи номинациялар түрінен өткізілді. Қазақстандағы Дельфий ойындары 17 номинация бойынша өтті.

Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша XVI Президенттік олимпиада өтілетіні жөнінде хабарлайды.

Президенттік олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері: Орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау; Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқутуда оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету;

«Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз!» облыстық халықаралық жастар байқауын өткізеді.

Конкурстың мақсаты: ▫️жастарды сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, сыбайлас жемкорлықтың алдын алу үшін сыбайлас жемкорлықка карсы әлеуметтік жарнаманы әзірлеуге және пайдалануға қатысуға тарту;

«Балалардың қабілеттерін, дарындылығын диагностикалау мен дамытудағы өзекті мәселелер» тақырыбындағы облыстық семинардың өткізілетіндігін хабарлайды.

«Абай облысы білім басқармасы» ММ «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік «Дарын» орталығы» КМҚК ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде қалалық/аудандық білім бөлімдерінің «Qabilet» қызметін үйлестіруші әдіскерлеріне, педагог-психологтерге, педагог-профориентаторларға арналған «Балалардың қабілеттерін, дарындылығын диагностикалау мен дамытудағы өзекті мәселелер» тақырыбындағы облыстық семинардың өткізілетіндігін хабарлайды.

2023 жылдың 7-14 қыркүйек арасында Кутаиси (Грузия) қаласында жасөспірімдер арасындағы информатикадан Европалық олимпиадасы (EJOI) өтті.

Олимпиадаға Қазақстан құрама командасы да қатысты. Команда құрамында болған Семей қаласы Білім-Инновация лицейінің 9 сынып оқушысы Аменов Әлем 🥈күміс медаль иеленді.

11-ші қыркүйектен 15-ші қыркүйек 2023 жыл аралығында тарихи жерлердің экологиялық тазалық аясында «эКÓМЕКен» челленджі өткізіледі.

Ұйымдастырушылар: "Абай облысы Білім Басқармасы " ММ "Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы "КМҚК.