-

«Қ. И. Сәтбаев және бүгінгі Қазақстан » республикалық конкурсының облыстық кезеңі 2024 жылғы 15 сәуір күні қашықтан өтті.
Байқауға Семей қаласы және облысымыздың мамандандырылған мектептерінен, Абай, Ақсуат, Жарма, Үржар аудандарынан 30-ға жуық жұмыс түсті.

Абай облысының «Қосымша білім беру ұйымдарының қызметі бойынша үздік кейстер» конкурсы 2024 жылдың 17 сәуірінде Семей қаласы білім бөлімінің «Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы» КМҚК өткізілді.
Қосымша білім беру ұйымдарының 24 мекемесі қатысып, ұйымының қызметі туралы үздік кейсті, қала сыртындағы жазғы лагерьді заманауи трендтерді ескере отырып, бейнероликпен немесе презентациямен сүйемелдеумен трансляциялау бойынша PechaKuch (“Печа-куча”) форматында 5 минуттық сөз сөйлеу бойынша таныстырылды.

2024 жылдың 16 сәуір күні 4 бағыттан тұратын Республикалық «Әбіш оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті.
Қатысушылардың арасынан 23 жүлделі орын иегерлері анықталды.

7-17 жас аралығындағы оқушылар арасында «Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» облыстық сурет байқауын бірлесіп өткізді.
Конкурстың мақсаты: оқушылардың әлеуметтік белсенділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Облыстық “Жер елшілері” ▫️Алтынбекұлы Айдын мен Нұрлыбекұлы Мұқағали; ▫️Ақсуат ауданы Қарғыба ауылы «Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің» “Жер елшісі” Бақытбекқызы Назерке; ▫️“Қарғыба өлкетану жасақтарының мүшелері “Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері” атты акция өткізді.
Акцияның мақсаты- табиғат аясында өзін- өзі ұстау мәдениетінің дағдыларын қалыптастыру. Қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің хаттамасы
2024 жылдың 12 сәуірінде Семей қаласы, Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясының базасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, "Құрмет" орденінің иегері Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.

Республикалық Мұқағали Мақатаев оқуларының облыстық кезеңі 12 сәуір күні өтеді.
Байқауға қатысатын оқушы поэзияны сүйетін, оны поэтикалық тұрғыда талдай білетін, ғылыми жұмысқа бейімі бар, өлеңді көркем мәнерлеп оқитын қабілеті, әрі ақындық талабы бар облыстық байқаудың жүлдегері болуы шарт.

Халық Қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай ауыл мектеп оқушылары арасында облыстық қашықтықтан жарыс өтті.
Жарыстың мақсаты: - өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу және олардың азаматтық сана-сезімін қалыптастыру, «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы тәрбиеленушілердің әскери-қолданбалы дайындығын жетілдіру; - ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарындылығымен қабілеттерін анықтау және оларға қолдау білдіру.

«Дарын» орталығының Жер елшілерімен жастар одағы бірлесе отырып «Семей орманы - менің орманым» экологиялық ағаш отырғызу акциясын өткізді.
Акция мақсаты: «Қазақстандық патриотизмді, ұлттық – мемлекеттік сезімді бірегейлік пен ұлттық бірлікті нығайту», сондай-ақ ағаш отырғызу арқылы болашақ ұрпаққа табиғат анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласын оятып, адам баласының табиғатпен үйлесімді түрде дамитынын ұғындыру.

Халықаралық құстар күніне орай Облыстық балалар биологиялық орталығымен бірлесіп, «Ең креативті құс ұясы» облыстық экологиялық байқау өтті.
🔰Байқаудың мақсаты: ▫️Оқушыларды табиғатқа ұқыпты қарауға, мейірімділікке, жауапкершілікке тәрбиелеу; ▫️көркем шығармашылығын дамытуға деген ұмтылысын ояту; ▫️құстарды қорғау және қорғау бойынша шығармашылық және практикалық қызметке тарту;