16 қыркүйек Халықаралық таза ауа күні өтті

16 қыркүйек Халықаралық таза ауа күні өтті
🌱Мақсаты: Оқушылардың ой–өрісін дамыта отырып, өз ойын айтуға дағдыландыру. Шығармашылық жұмыс жасауға, ізденуге үйрету.Табиғатты аялауға, сүйіспеншілікке, экологиялық жағдайларды дұрыс түсінуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

🌱Білім алушылар және «Жасыл клуб» мүшелері челлендж өткізу кезеңі ішінде:
- пластиктен бас тарту;
- мүмкіндігінше қоғамдық көлікті, велосипедті немесе автомобиль орнына жаяу серуендеуді пайдалануға;
- электр энергиясы мен жылуды үнемдеуге;
- ағаш/өсімдік отырғызуға немесе аумақты көгалдандыруға қатысуға;
- апсайклинг (қайта өңделетін өнімдерді пайдалануға);
- достар мен таныстардың арасында экобайланыстар туралы ақпарат тарату т.б. тақырыптарды қолдауға шақырды.

🌱Бесқарағай ауданы «Малая Владимировска орта мектебі» КММ, Мақаншы ауданы «Тұрағұл Қоңыр атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ, «Көктал орта мектеп-бақшасы»КММ, Жаңасемей ауданы «Озерки жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, Жарма ауданы «Т.Көбдіков атындағы орта мектебі» КММ, «Георгиевка орта мектебі» КММ, “Абай атындағы мектеп-балабақша кешені” КММ, Ақсуат ауданы «Қожагелді батыр атындағы орта мектебінің» КММ оқушылары аса белсенділік танытып, қоршаған ортаны сақтау және ауаның барынша тазалығына ұмтылу маңыздылығын, адам денсаулығына кері әсер ететін ауаның ластану проблемаларын насихаттады