8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Махамбет оқулары» байқауының облыстық кезеңі өткізіледі
2025 жылдың 26 қыркүйегінде жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Махамбет оқулары» байқауының облыстық кезеңі өткізіледі.
📍Өтетін орны: Семей қаласы, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №47 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің базасы.
🔻Мақсаты: мектеп оқушылары арасында Махамбеттің ұлтына ұран болған рухы биік туындыларын насихаттау, шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту.
🔹Байқау қатысушылары:
Махамбет оқуларына аудандық/қалалық кезеңінің жеңімпазы атанған жалпы білім беретін ұйымдардың 8-11 сынып оқушылары қатысады.
🔗Байқау 5 бағыт бойынша өтеді:
1) «Ұлы арман» - Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу.
2) «Ел құтқарар ер едім...» - Махамбет шығармаларын жатқа оқу конкурсы.
3) «Шашақты найза, шалқар күй» - Махамбет күйлерін орындаушылар конкурсы.
4) «Тартынбай сөйлер асылмын...» - жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу конкурсы.
5) «Біз неткен ер, неткен ер?
Сергелдеңмен өткен ер» - «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбының бірін қорғау.
📞Қосымша ақпарат алу үшін байланыс тел: 87082397024