Олимпиаданың мақсаты: Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері Қанипа Бітібаеваның өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау.
Олимпиада 2 кезеңнен тұрды:
І кезең - жазбаша - эссе;
ІІ кезең - жазбаша - қазақ тілін, қазақ әдебиетінің шығармаларын, Қанипа Бітібаеваның өмірбаяны мен оның ғылыми мұрасы, публицистикалық еңбектерін білуі бойынша.
Олимпиадаға облыстың, аудан, қалаларынан 9-11 сынып оқитын 38 оқушысы қатысты.
Олимпиаданың ашылу салтанаты «Абай облысы Білім басқармасы» ММ Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының директоры Оспанова Светлана Сағидоллаевнаның сөзімен басталды. «Балауса» бишілер тобының «Наурыз» биімен ұласып, Хан апаның ізбасарларының бірі, Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясының директоры Малгаждарова Жанат Зейнелқызы мен «Ғасыр ұстазы», «Аңыз ұстаз», «Қазақтың Қанипасы» атындағы атаулы зертхананың жетекшісі Жакенова Құралай Құралтайқызы ізгі тілектерін білдірді.
Академик Қанипа Бітібаева атындағы атаулы зертхана туралы бейнеролик көрсетіліп, Хан апа зертханасы алаңында ашылған «Қанипа әлемі» үйірме мүшелерінің мәнерлеп оқу шеберлігімен жалғасын тапты.
«Өнерге қанат қаққандар» тобы мен «Қанипа әлемі» үйірме мүшелерінің орындауында Айнұр Жаппарқұлованың сөзіне жазылған, Ержанұлы Досжанның «Сарқылмайтын сағынышым – Хан Апа» әнімен аяқталды.
Олимпиада қорытындысы бойынша төмендегі оқушылар жеңімпаз,жүлдегер атанды: