Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиада ЕРЕЖЕСІ
Құрметті қатысушылар!
Олимпиада кезеңдері. Олимпиада екі кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең – іріктеу кезеңі, онлайн форматта 19.02.2026 – 22.02.2026 күндері аралығында тестілеу түрінде өтеді. Олимпиадаға қатысу үшін өтініш беру, бірінші кезеңнің талаптарымен танысу және бірінші кезеңнің тапсырмаларын орындау мына (https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeJnGUiIv-dYDJsTwH4FQQ_Dry-HTS46YmxAOWYLrSjwrLGVw/viewform?usp=publish-editor) сілтемеге өту арқылы жүзеге асырылады. Осы күндері аралығында ғана Google-форма ашық болады.
Бірінші кезеңнің нәтижелері ведомость түрінде университет сайтына (https://shakarim.university/kk/page/pandik-olimpiadalar-men-baiqaular) орналастырылады.
Екінші (негізгі) кезең офлайн форматта 27.03 - 28.03.2026 күндері өтеді. Бұл кезеңде қатысушылар арнайы тапсырмаларды орындайды.



