2023 жылғы 3 қараша күні математика мұғалімдеріне арналған «Математикалық ойындарды ұйымдастырудың жолдары» атты облыстық оқыту семинары өткiзілді.

📘Мақсаты:
Математикалық қабілеті айқын білінген дарынды орта буын мектеп оқушыларын дамыту және қолдау көрсету болып табылды.

📒Міндеттері:👇🏻
▫️- математика саласындағы дарынды 6,7 сынып оқушыларының қызығушылықтары бойынша шығармашылық қарым-қатынас ретінде командалық сайыс түрінде өткізуіне арнайы жағдай жасау;
▫️- республикалық 6,7 сынып оқушыларының аса дарындыларының ішінен математика бойынша олимпиадалық резерв жасақтау;
▫️- оқушылардың жеке және командалық сайыстарға қатысу дағдыларын дамыту;
▫️- оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділіктерін ынталандыру, математика пәні бойынша орта буын сынып оқушыларының білімдерін тереңдету және кеңейту.

🔺Семинарды Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі Кажыкенов Шалқар Мұратұлы жоғары дәрежеде өткізіп, қатысушылардың көңілінен шықты.

🔵Семинарға қатысқан мұғалімдер өздеріңе қажетті көп жаңа идеялар алғанын, жаңа әдіс-тәсілдерге үйренгенін айтып, алғыстарын білдіртті. Сонымен қатар, математика сабағында, факультатив пен үйірмелерде математикалық ойындар оқушыларды мотивациялауға, олардың қызығушылығын арттыруға ықпалы зор екені тағы бір көрсетілді.