Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

2023 жылғы 23 ақпанда «Жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудің 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы» облыстық оқу тәжірибелік семинарын Бесқарағай ауданы, Малая Владимировка ауылы, Бесқарағай білім бөлімінің «Малая Владимировка орта мектебі» КММ өтті.

2023 жылғы 23 ақпанда «Жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудің 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы» облыстық оқу тәжірибелік семинарын Бесқарағай ауданы, Малая Владимировка ауылы, Бесқарағай білім бөлімінің «Малая Владимировка орта мектебі» КММ өтті.

Дарын Орталығы

Семинар екі кезеңнен өтті:
▫️1 кезең пленарлық бөлім - семинар негізінде.
▫️2 кезең практикалық – мастер-класс негізінде.

☑️Семинардың күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:👇🏻

1 сұрақ: «Абай облысында спорттық туризмді әскери-қолданбалы спорт түрі ретінде дамыту», баяндаушы «Дарын» орталығының спорт, туризм және өлкетану бөлімінің аға әдіскері – Куршев Владимир Борисович;

2 сұрақ: «Жас құтқарушы» үйірме жұмысының мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру барысы туралы», баяндаушы Бесқарағай аудандық төтенше жағдай бөлімі бастығының міндетін атқарушы – Кожахметов Даулет Мухтарович.;

3 сұрақ: «Әскери институттарына түсу тәртібі бойынша үгіт-насихат жұмыстары және жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу», баяндаушы Бесқарағай аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің маманы – Жетписов Мейрам Жанабаевич.;

4 сұрақ: «2022-2023 оқу жылындағы жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру туралы жұмыс қорытындылары және 2024 жылға арналған міндеттер туралы», баяндаушы Бесқарағай ауданы білім бөлімінің әдіскері – Базилов Серик Сыламбекович.