Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

2024 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толады.

2024 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толады.

Дарын Орталығы

🔹Абай облысында білім беру ұйымдарында, «Жас сарбаз» сынып оқушыларымен және әскери-патриоттық клубтармен бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарлануда, интернационалист-жауынгерлермен кездесулер, әскери-қолданбалы спорт түрлерінен турнирлер, әскери спорттық жарыстар, интернационалист-жауынгерлерге арналған мұражайға саяхат жасау ұйымдастырылады, ескерткіштерге салтанатты түрде гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.

📍Осындай әскери-патриоттық іс шара 2024 жылдың 30 қантарында № 9 ЖОББМ Кенес Одағы әскерлерiнiң Ауған жерiнен шығарылғанына 35 жылдығына орай «Жас сарбаз» сыныбының және әскери-патриоттық клубының оқушыларымен Ауған соғысының ардагерi-барлаушы старшина Тусбеков Бейбiт Аманғалиұлымен кездесу ұйымдастырды.

🔗Кездесу барысында Түсбеков Б.А. өмірбаянына, Ауғанстандағы интернационалдық борышын өтеуіне тоқталды. Сондай-ақ әрбір жеткіншектің бойына қазақстандық патриотизмді, туған жерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлді.
Әскери-патриоттық клубтың оқушылары өз кезегінде қоян-қолтық ұрыс пен атыс қаруын меңгеруде өз өнерлерін көрсетті.

🔊Абай облысы білім басқармасының 2024 жылға арналған іс шаралары жоспарына сәйкес:👇🏻

▫️1) 2024 жылғы 8 ақпанда Бородулиха аулында Ауған соғысының ардагері Агиманов Болат Арынтайұлының еске алуына арналған аймақтық әскери спорттық-патриоттық клубтармен және «Жас сарбаз» сыныптар арасындағы спорттық-қолданбалы спорт түрінен турнирі өтеді;
▫️2) 2024 жылғы 9 ақпанда Калбатау ауылы, Жарма ауданы, Дәулет Тұрлыхановтың атындағы спорт кешенінде Ауған соғысының ардагері Бургажинов Тілеухан Әнуарбекұлын еске алуға арналған «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы тәрбиеленушілері арасында облыстық әскери-қолданбалы спорт түрлерінен турнир өтеді.