2024 жылдың 16 ақпанында Абай облысы білім басқармасының “Дарын” орталығының ұйымдастыруымен «Дарынды балалармен жұмыс істеудің тиімді жүйесін құру – уақыт талабы» тақырыбындағы облыстық оқыту семинары өтті.

▫️Секция жұмысына аудандар мен қалалардан биология пәні мұғалімдері келіп қатысып, білім қоржындарын олимпиада резервтерін республикалық, халықаралық олимпиадалар мен жарыстарға дайындаудың заманауи әдіс-тәсілдерімен толықтырып, өте бай мағлұмат алып қайтты.

🔻Шәкәрім атындағы университеттің оқытушысы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Садыкова Райгуль Алимгазовна биология пәні мұғалімдеріне жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық ) кезеңінің тапсырмаларына сараптамалық талдау жасап, биологиядан олимпиадалық тапсырмаларды шешудің қыр-сырларымен таныстырды.

▫️Ұстаздарымыздың шығармашылық іздену қабілеттерін, интеллектуалды әлеуетін жоғарғы деңгейге жеткізу үшін шеберлік сағатын өткізген Райгуль Алимгазовнаға айтар алғысымыз шексіз. Классикалық үлгідегі білім жүйесінен жаңа инновациялық нарық заманындағы сапалы білім беруге қол жеткізуде, биологиядан оқушының шығармашылық ойлауын дамытатын логикалық есептерді көбейтіп шығару қажет.

☑️Осы бағытта оқушылары жарыстарда жүлделі орындарға ие болып жүрген,озық тәжірибелі биология пәнінің мұғалімдері Сансызбаева Жанар Абылғазықызы ( №4 ЖОББМ), Краснолобова Елена Владимировна (Экономикалық лицей) іс- тәжірибелерімен бөлісті.

📊Семинар соңында бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру және дарынды балаларды дамытуда бірыңғай білім кеңістігін құрып, еңбек етіп жүрген, барлық қатысушыларға сертификат және озық тәжірибелерімен бөліскен ұстаздарға Алғыс хат берілді.