2024 жылдың 16 ақпанында «Дарынды балалармен жұмыс істеудің тиімді жүйесін құру – уақыт талабы» тақырыбындағы облыстық оқыту семинары өтті.

Секция жұмысына аудандар мен қалалардан химия пәні мұғалімдері қатысты.

▫️Семей қаласы Шәкәрім атындағы университетінің аға оқытушысы Д.Р. Онтагарова облыстық олимпиада нәтижесіне сараптамалық талдау жасады.

🔸Дарынды баланы олимпиадаға қалай дайындау керектігі жөнінде білім беру ұйымдарының пән мұғалімдері өздерінің үздік іс- тәжірибелерімен бөлісті.
▫️Шәріпхан Алма Ермекқызы,
Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназия;
▫️Каргабаева Рымжан Шашмухаметовна, №6 гимназия;

▫️Сабақтарында оқушылардың оқу мотивациясын арттыру үшін қолданылатын әдіс- тәсілдер», « Химия пәнінен олимпиадалық есептерді шығару және олимпиадаға оқушыларды дайындау» тақырыптары талқыланып, оқушылардың олимпиададағы жеңістері пән мұғалімінің шығармашылық жұмысының нәтижесі екендігіне көз жеткізілді.

Семинар соңында қатысушылардың үміттерін анықтау мақсатында кері байланыс орнатылды.