2024 жылдың 20 қыркүйегінде Семей қаласы білім бөлімінің «№ 36 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ «Жас қанат» лагері базасында «Тәлімгерлер мектебі» атты жас тәлімгерлерге арналған облыстық семинар-тренинг өтті.

Мақсаты:
🔹Тәлімгерлік жұмысты жүзеге асырудың тұтастық қызметін және тәрбие деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызу;
🔹салауатты өмір салтын насихаттау;
🔹тәлімгерлер жұмысын жандандыру, жүйелеу;
🔹іс - тәжірибе алмасу.
🔸Семинар барысында 60 тәлімгер мектеп Парламентінің және 8 фракцияның жұмысын ұйымдастыру бойынша практикалық дағдылар алды.
💫Семей қаласының тәлімгерлер кеңесі Алғыс хаттармен марапатталып, барлық қатысушыларға сетификат табысталды.