«Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік «Дарын» орталығы» КМҚК директорының орынбасары Кожебекова Сауле Кусаиновна қатысып, Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының офицері Байбуров Асыл Бақытбекұлы Мектеп парламенті президенттеріне қауіпсіздік шараларын сақтаудың ережелерімен таныстырды.
🔗Слеттің пленарлық бөлімінде қала, аудан мектептерінің үздік жұмыстары ортаға салынып, тәжірибелерімен бөлісті. Слетқа барлық аудандар мен қала мектептері арасынан 80-ге жуық білім алушылар қатысты.
🔊Қорытынды бөлімінде барлық қатысушыларға Облыстық Абай кітапханасының директоры, ақын Мерей Мейртайұлы «Сертификаттар» табысталды.
Семинарға қатысушы барша Парламент президенттерін және көшбасшылар мен тәлімгерлерді құттықтаймыз!