🔸Іс-шараның мақсаты – олимпиада резервтерімен жұмыс жүйесін дамыту, дарынды балаларды дамытудағы білім беру ұйымдарының тәжірибесіне әдістемелік қолдау көрсету.
Міндеттері:👇🏻
- жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданы өткізуде қойылатын талаптардың сақталуын жүзеге асыру;
- олимпиада жүлдегерлері жетекшілерінің озық іс-тәжірибелерін тарату және жинақтау.
🔻Семинарға Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті және Алихан Бөкейхан атындағы университет оқытушылары мен қазақ тілі және әдебиеті (Т1, Т2), орыс тілі және әдебиеті!! (Я1, Я2), ағылшын тілі, тарих және құқық негіздері мұғалімдері шақырылды.