2024 жылғы 15 ақпанда өткен “Дарынды балалармен жұмыс істеудің тиімді жүйесін құру - уақыт талабы” облыстық семинары аясында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы мұғалімдерге арналған “Заманауи мектептерде дарынды балалармен жұмысты жүйелендірудің озық іс-тәжірибелері” тақырыбында секция жұмыстары ұйымдастырылды.

📊Аталған секция отырысына, Семей қаласының «Экономикалық лицей» КММ базасына аудандар мен қалалардың жалпы білім беретін ұйымдарының ағылшын тілі мұғалімдері келіп қатысты. Сондай-ақ, облыстық семинарға жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде қатысушылардың жұмысына сараптама жасаған, қазылар алқасының мүшелері, Шәкәрім және Алихан Бөкейхан атындағы университеттің оқытушылары шақырылды.

🔸Сарапшылар семинарға қатысқан мұғалімдерге олимпиадаға қойылатын талаптармен таныстырып және жұмыстарды бағалаудың критерийлеріне талдау жасады.

▫️Мадимова Диляра Тлеугалиевна, Сергазинова Асел Бектасовна Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеттің магистранттарына және “Дарынды балаларды олимпиадаға дайындаудың тиімді жолдары” тақырыбында тәжірибелері мен бөліскен
Байшокенова Раушан Ахметжановна
Кармысова Зауреш Окметкановна 
Шәкәрім атындағы №5 көпбейінді гимназияның, Седых Диляра Вячиславовна, Беркова Татьяна Александровна Экономикалық лицей мұғалімдеріне алғыс білдіреміз.