🔶Тестілеуден өту үшін 8-9, 10-11 жастағы мектеп оқушылары https://qabilet.elbasyacademy.kz сайтына тіркеліп, жеке кабинетте тестілеуден өтеді. Қызмет ақысыз негізде ұсынылады және әр оқушыға қолжетімді.
💬Тестілеуден өткеннен кейін балаға жеке кабинетіне қабілеттерін айқындайтын, мамандық таңдауға көмектесетін кәсіби кеңестер бірден беріледі. Ата-аналар балаларының қабілеттерін көріп, сол бағыттағы үйірмелерге беріп, қолдау көрсетіп, дарынын дамытуға жол ашады.