«Дарынды балалармен жұмыс істеудің тиімді жүйесін құру - уақыт талабы» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтеді.

🔷Міндеттері:
- жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданы өткізуде қойылатын талаптардың сақталуын жүзеге асыру;
- олимпиада жүлдегерлері жетекшілерінің озық іс-тәжірибелерін тарату және жинақтау.

🔻Облыстық оқыту семинарына төмендегі пән мұғалімдері шақырылады:👇🏻

▫️2024 жылғы 15 ақпанда қоғамдық-гуманитарлық бағытта
Өткізу орны: Семей қаласы, «Экономикалық лицей» КММ
Семинарға қатысушылар: қазақ тілі және әдебиеті (Т1, Т2), орыс тілі және әдебиеті (Я1, Я2), ағылшын тілі, тарих және құқық негіздері мұғалімдері.

▫️2024 жылғы 16 ақпанда жаратылыстану-математикалық бағытта
Өткізу орны: Семей қаласы, «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ
Семинарға қатысушылар: математика, физика, химия, биология, география, информатика мұғалімдері.

📈Семинарға қатысушыларды тіркеу сағат 9.00, басталуы сағат 10:00.