«Дарынды баланы жетістікке жетелеу: анықтау, оқыту және дамыту» атты I облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

🔸Ғылыми-тәжірибелік конференцияның міндеттері:
- педагогтердің білім саласында өзін-өзі жетілдіруіне жағдай жасау;
- ғылыми көзқарастарын кеңейту, ғылыми-зерттеу дағдыларын меңгеріп, кәсіби қызметте шығармашылықпен пайдалануға ұмтылысын арттыру;
- тәжірибе алмасу алаңын құру.

🔻Конференция бағыттары:
- физика-математикалық бағыт;
- жаратылыстану бағыты;
- гуманитарлық бағыт;
- тарихи-өлкетану бағыты;
- ақпараттық-техникалық бағыт;
- психология и әлеуметтік педагогика;
- қосымша білім беру.

☑️Ғылыми-тәжірибелік конференция пленарлық және секция бөлімдерінен тұрды.

▫️Пленарлық бөлім «Білім беру саласында бәсекеге қабілетті тұлғаның зияткерлік әлеуетін қалыптастыру» мәселесі талқыланса, секция отырыстары «Дарынды шәкірт – білікті ұстаздан», «Дарынды оқушы – талантты ұстаз», «Дарынды баланы анықтаудың заманауи моделі» тақырыптары қарастырылды.

🔗I облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияға жоғары оқу орындарының оқытушылары, білім бөлімдерінің әдіскерлері, мұғалімдер, әлеуметтік педагогтер, педагог-психологтер, тәлімгерлер, кітапханашылар, қосымша білім педагогтері, педагог-профориентаторлар, МДҰ әдіскерлері, тәрбиешілері, жиыны 40 жуық педагогтер қатысты.