♦️Мектеп алды даярлық топтардың тәрбиешілерімен дарындарды анықтау және қолдау зертханасының педагог-психологі Тлеубердиева Н.Д. жұмыс жүргізді.
📍Іс-шара барысында тәрбиешілер өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, оқу-тәрбие үрдісінде баланың логикалық ойлау қабілетін, ой-өрістерін дамытуда қлданып жүрген тапсырмалар мен қызықты сценарийлерді, ойындарды ортаға салды.
Әріптестеріміздің қазіргі заманға сай, өзгеріп отыратын әлемде өмір сүруге дайын, денсаулығын сақтай алатын, білімі мен машықтарын көрсете алатын, шығармашылығы кең, ақыл-ой өрісі дамыған, ойын сауатты жеткізе алатын, бәсекеге жарамды тұлғаларды өсіріп, тәрбиелей алатындары сөзсіз. Осы тұста білімді, мейірімді тәрбиешілерімізді бүлдіршіндеріміз үшін жол көрсететін шамшырақ деуге де болады.