«Заманауи мектептерде дарынды балалармен жұмыс істеудің үздік тәжірибелері» тақырыбында секциялық жұмыстар жүргізілді.

🔻Қазақ тілі мен әдебиеті секциясында 28 адам жұмыс жасады. Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңінің қортындыларымен «Дарын» орталығы әдіскері Толегенова К.Т. таныстырып өтті.
Пәндік олимпиада болашақ элитаның зияткерлік әлеуетін қалыптастырудың аса маңызды факторы екендігіне қатысушылардың назарын аударды.

📊«Alikhan Bokeikhan University» филология ғылымдарының докторы, профессор Абикенова Г.Т. және аға оқытушы Мухажанова Р.М. облыстық олимпиада нәтижесіне сараптамалық талдау жасады.

☑️Дарынды баланы олимпиадаға қалай дайындау керектігі жөнінде білім беру ұйымдарының пән мұғалімдері өздерінің үздік іс- тәжірибелерімен бөлісті.

▫️«Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқушылардың оқу мотивациясын арттыру үшін қолданылатын әдіс- тәсілдер»;
▫️« Орыс мектебінде қазақ тілі пәні бойынша олимпиадаға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру»;
▫️ «Қ. Бітібаева оқуларын ұйымдастыру» тақырыптары талқыланып, оқушылардың олимпиададағы жеңістері пән мұғалімінің шығармашылық жұмысының нәтижесі екендігіне көз жеткізілді.

Семинарға қатысушылардың үміттерін анықтау мақсатында кері байланыс орнатылды.