«Жаңа Қазақстанның тірегі -Айбынды Жас сарбаз»

🔵Ел Президенті - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау, ҚР білім беруді дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, жастарды отаншылдыққа тәрбиелеп, «Жас сарбаз» қозғалысын дамыту, оны ұлттық деңгейге жеткізу, жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беру, патриоттық тәрбиеге баулу мақсатында, Абай облысы білім басқармасы бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің 5 жылдығына байланысты, 2023 жылғы 17 қарашада «Жаңа Қазақстанның тірегі - Айбынды Жас сарбаз» облыстық оқу тәжірибелік семинарын өткізетінін хабарлайды.

🔶Семинарға Абай облысының білім басқармасы, Семей қалалық маслихат депутаты, қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің бастығының орынбасары, Семей қаласының № 40. 49 жалпы орта білім беретін мектептерінің, Аягөз қаласының «Мектеп жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін №6 мектебі» директорлары, Республикалық «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы Түркістан облыстық филиалының төрайымы, Абай облысының әскери-патриоттық бағыты бойынша әдіскерлер, «Жас сарбаз» офицер-тәрбиешілері, «Жас сарбаз» сыныптарының тәрбиеленушілері қатысады.