«Жаңа Қазақстанның тірегі-Айбынды Жас сарбаз облыстық оқу тәжірибелік семинары өтті

📘Семинардың күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
🔶1. «Жастарды әскери қызметке дайындау негіздері. Болашақ Отан қорғаушы тұлға ретінде қалыптастырудың жолдары мен әдістері»;
🔶2. «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы арқылы патриоттарды тәрбиелеу;
🔶3. «Жас Сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысын дамытудың озық тәжірибе үлгісі;
🔶4. «Жас сарбаз» қозғалысы арқылы жалпыазаматтық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамығын тұлғаны тәрбиелеу.

📝Абай облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Шәріпханов Қ.Ғ., ▫️Семей қаласының №40 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Қуанышбаева А.А., ▫️Аягөз қаласының №6 жалпы білім беретін орта мектебінің “Жас сарбаз” сыныбының офицер-тәрбиешісі Нұржауов Н.К.,▫️Маңғыстау облысының «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы Жолай М.Р. баяндама жасады.

💬Семинар қорытындысы бойынша өскелең ұрпақтың әскери-патриоттық дамуының негізгі бағыттары айқындалды. Ұсыныстар айтылып, бірқатар ой ортаға салынды.

🔗Семинарға қатысушыларға «Жас Ұлан» лицейінің қызметкерлері ұйымдастырған: кіріктірілген «Атыс жүргізу негіздері» сабағы, коучинг “Алаш арыстарының еңбектері арқылы оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеу”, сыныптан тыс іс шаралар «Күші – бір, бір рухпен бірлескен!» ұлттық спорт түрлерінен лицей түлегі А.Ұлмисековты еске алуға арналған шағын спартакиаданы өткізді.

🔻Семинардың соңы лицей ұландарының көрсетілімдерімен аяқталды.