2024 жылдың 15 қыркүйегінде Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында Ертіс өңірініңөлкетанушылар қоғамы Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығымен бірлескен «Жас өлкетанушыларсөйлейді....» атты тақырыпта кездесуі өткізілді. Қонақ бөлмеде «Дарын» орталығының әдіскері В.А. Боровинский «Өлкетану жасақтары» тақырыбындажасақтардың құрылу мақсаттары мен жүргізілетін жұмыстары жайлы сөз сөйледі. Абай облысы бойынша өлкетану жасақтарының құрылымы және аудандар бойынша туристік-өлкетану және экологиялық клубтардың ашылуы жайлы ақпараттар берілді.Жасақтардың экспедициялары мен жүргізілетін жорықтардың маршруттық карталары және облыс орталығы Семей қаласының экскурсиялық маршруттары көрсетілді. Қаламыздағы Экономикалық лицейдің жас өлкетанушылары: Дарья Ширшова мен Ильвира Дюсенова «Арбат бойынша виртуалды экскурсия» тақырыбында және №1 Чернышевский атындағы мектептің оқушылары Мадияр Қуанышбаев ағайынды Мусиндер салған Қазақстандағы алғашқы бу диірмені туралы зерттеу жұмыстары жайлы баяндады.
Өлкетанушылар қоғамы сөз сөйлеушілерге алғыстарын білдіріп, жас өлкетанушылардың өз өлкеміздің тарихына деген қызуығушылықтарын жоғары бағалап, жас буындарға сәттілік тіледі.