🔖Ережеге сәйкес, Абай оқулары үш кезеңде өткізіледі: аудандық (қалалық), облыстық және республикалық. Республикалық кезеңге облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 131 оқушы қатысады.
🔴Әр командада 6 оқушыдан (әр номинация бойынша - 1 оқушы) және 1 жетекшіден болады. Республикалық Абай оқулары қазақ тілінде алты номинация бойынша өткізіледі:
▫️1 номинация - «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы – Абай өлеңдерін жатқа оқу конкурсы.
▫️2 номинация - «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Абай қарасөздерін жатқа, мәнерлеп оқу.
▫️3 номинация - «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Шәкерім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу.
▫️4 номинация - «Көңілім әнді ұғады» номинациясы – оқушының Абай және Шәкәрім әндері мен күйлерін орындау шеберлігі бағаланады.
▫️5 номинация - «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы –оқушылардың өз шығармалары (поэзиялық) бағаланады.
▫️6 номинация - «Сөз өнеріндегі Ұлы Абай бейнесі» номинациясы бойынша оқушы Абай туралы көркем туындыларды толық білуі, талдау жасай алуы керек.
🔊Байқаудың ашылу салтанаты 10-маусым күні сағат 17.00-де Семей қаласы Абай театрында өтеді. Байқаудың жабылу салтанаты, жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 13-маусым күні, сағат 09.00-да Қарауыл мәдениет үйінде болады.
📣Қосымша ақпаратты алу үшін төмендегі мекенжайға хабарласуға болады: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8 «Алтын Орда» бизнес орталығы, 308 каб РҒПО «Дарын», тел.: 8(7172) 57-01-60, e.mail: info@daryn.kz.