1. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қазақстандық қоғамда инклюзивті ортаны қалыптастыруға ықпал ету.
2. Ұлттық, әлемдік мәдениет пен өнердің үздік дәстүрлері мен жетістіктерін жаңғырту, дамыту және насихаттау, оның өкілдерінің кәсіби шеберлігін арттыру;
3. Халыққа мәдени демалыс пен эстетикалық тәрбие беруді, рухани және мәдени құндылықтармен алмасуды ұйымдастыру;
4. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдердің кәсіби дағдыларын игеруге және әлеуметтік-еңбекке бейімделуіне ықпал ету.
🔗Фестиваль төрт номинация бойынша өткізілді:
▫️«Вокал» номинациясы;
▫️«Хореография» номинациясы;
▫️«Аспаптық орындау» номинациясы;
▫️«Әнді ыммен орындау» номинациясы.
☑️Фестивалдің облыстық кезеңінде 80 жуық қатысушы өнер көрсетті.
Фестивалға Астана қаласынан арнайы XIX республикалық “Жұлдызай” балалар шығармашылығы фестивалі директорының орынбасары, жоба жетекшісі- Сәлімбаева Алмагүл Аманжолқызы қатысты
Биылғы жылы «BI Жұлдызай» Корпоративтік Қоры өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтеді. Осы жылдар ішінде Қор ерекше білім беру қажеттіліктері бар мыңдаған балалардың тағдырларын өзгертуде, олардың таланттары мен ерекше қабілеттерін ашуда шешуші рөл атқарды.
Фестиваль ең ірі әлеуметтік-мәдени жоба ретінде елдің мәдениеті мен өнерінің мұрасына ерекше үлес қосты. Фестиваль іс-шаралары инклюзивті және мәдени әртүрліліктің маңыздылығын көрсете отырып, облысымыздың ерекше балаларына үлкен шабыт сыйлады.