2024 жылдың төртінші тоқсанында “Туған өлкем” фестивалі Білім Министрлігінің “4 тоқсан - 4 өнер” жобасына сәйкес Абай облысында өтті.

〽️Фестивальдің ашылуы 28 наурыз күні «Туған өлкемнің экологиялық мәселелер және олардың шешілуі» тақырыбында дөңгелек үстелден басталды.

♦️ «Суды үнемдейік» экочелленджі (сәуір 2024ж). Мақсаты: табиғи ресурстарды үнемдеуге тәрбиелеу. Облыстың өлкетану жасақтары өздерінің бейнероликтерінде күнделікті өмірде суды үнемдеу туралы өз көзқарастарын көрсетті.

♦️ «Семей Орманы - Менің Орманым!»(2024 жылғы 16 сәуір). Қарағай, ағаш көшеттерін отырғызу кезінде “Жер елшілері” креативті жастардың Бүкілқазақстандық экологиялық қозғалысы” жобасы аясында облыстың 6000-ға жуық оқушысы қатысты.
Акцияға барлық аудандар қатысты. Семей қаласының, Абай, Ақсуат, Аягөз аудандарының оқушылары белсенділігімен көзге түсті. Тек Семей қаласы бойынша 20000 көшет отырғызылды.

♦️ «Мөлдір бұлақ» акциясы. Мақсаты: бұлақтар мен өзен жағалауларын табиғи және тұрмыстық қоқыстардан тазарту. Акцияға облыстың 100-ге жуық мектебі қатысты.

♦️«Даңқ ескерткіші» акциясы. (5-9 мамыр 2024 ж.) мақсаты: Ұлы Отан соғысының қаhарманы немесе өз заманы батырының ескерткішіне іргелес аумақты ретке келтіру және аббаттандыру.
Өлкетану жасақтары батырларға, ауған жауынгерлеріне, Ұлы Отан соғысының батырлары мен қатысушыларына арналған ескерткіштердің айналасында тазалық жұмыстарын жүргізді.

Семей орманымен бірлесіп Семей қаласының Орталық саябағында "Парктер маршы" акциясына қатысу (22 мамыр 2024) - "Қызыл кітап беттерінен".

♦️23 мамыр күні "Біз біргеміз!" атты Абай облысының Экология және ТЖ бойынша мектептер парламенттерінің көшбасшыларымен слет өтті.

♦️15.05.2024ж. тарих пәні мұғалімдеріне арналған "Оқушылардың зерттеу қызметін ұйымдастыру, педагогтың кәсіби құзыреттілігінің көрсеткіші ретінде (өлкетану бойынша мектеп жобаларын дайындау)"тақырыбында облыстық әдістемелік семинар және халықаралық вебинар өткізілді.

♦️18 сәуірден бастап 30.04.2024 жылға дейін қашықтықтан және онлайн форматта "Табиғатты аяла" жас өлкетанушылар, экологтар мен натуралистердің республикалық форумының облыстық кезеңі өткізілді. Байқаудың облыстық кезеңіне 59 бейнероликтер(жұмыстар) ұсынылды. Оның ішінде 30-ы жүлделі орындарға ие болды.

🔖"Туған өлкем" фестивалі аясында 7555 оқушы қатысты. Фестиваль қорытындысы бойынша 295 оқушы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.