«4К» қабілетін анықтау» жобасы бойынша «Qabilet» қызметі» тақырыбында Google Meet платформасында облыстық вебинар өтті
Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми- әдістемелік «Дарын» орталығының жоспарына сәйкес «4К» қабілетін анықтау» жобасы бойынша «Qabilet» қызметі» тақырыбында Google Meet платформасында облыстық вебинар өтті. Іс-шара онлайн форматта өтіп, Абай облысынан 100 жуық мамандар қатысты.
🔹Вебинар балалардың 4 «К» сыни ойлау, шығармашылық, қарым-қатынас және ынтымақтастық сынды дағдыларын диагностикалауда облыс мектептерінің жауапты мамандарының, аудан әдіскерлерінің озық іс-тәжірибелерімен тәжірибе алмасу мақсатында жүргізілді.
🔰Вебинарда «El Umiti» қоры» Корпоративтік қоры, «Qabilet қызметі» жобасының үйлестірушісі Сомжүрек Еңлікгүл Баубекқызы, «Абай ауданы білім бөлімі» ММ «Қоғамдық - гуманитарлық ғылымдары, педагогика- психология, инклюзивті білім беру» әдіскері Жадыра Шамелқызы, Аягөз аудандық білім бөлімінің оқу, ғылыми, ұйымдастырушылық, әдістемелік кабинетінің психолог әдіскері Амреева Алтын Ералиевна, Аягөз ауданы білім бөлімінің «Қалалық қазақ мектеп- лицейі» КММ-нің педагог-психологі Бағдатова Нұрым Ерланқызы, Ақсуат ауданы. Келесі сөзді «Ақсуат ауданының білім бөлімі» ММ-нің әдіскері Мухаметрахимова Жанар Жексенбековна, ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шәкәрім атындағы №1 орта мектебі» КММ мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Турабаева Бакытгуль Советовна тәжірибе бөлісті.
Вебинар модераторы Тлеубердиева Назгуль Дюсуповна қатысушылармен, яғни «Qabilet» қызметіне жауапты аудан әдіскерлері, мектептегі жауапты мамандар, педагог-психологтер, кәсіби бағдар беру педагогтерімен кері байланыс жасап, толғандырып жүрген сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады. Барлық қатысушылар 2026 жылға «Qabilet» қызметі» бойынша жұмыстың алгоритмін құрды.