6-11 сынып оқушылары арасында 2024 жылдың сәуір айының 18-19 күндері дәстүрлі «Ясауитану» Республикалық білім байқауы өтті.

♦️Байқау екі бөлімнен тұрды.

Сайысқа қатысушылар жеребе бойынша бірнеше топқа бөлініп, әр топ кезекпен сахнаға шығып сынға түсті. Байқауға қатысушылардың алдын-ала берілген хикметтерді қай деңгейде жаттағанын анықтау мақсатында сайысты жүргізуші хикметтен үзінді айтып, ары қарай кез-келген бір қатысушыға, тоқтаған жерден жалғастырып отырды.

Бірінші кезең бойынша байқауға қатысқан *76 оқушының 30-ы екінші кезеңге өтті.*

ІІ кезең
Қатысушыларға үш сұрақ қойылды. Бұл сында оқушылар Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармаларына, хикметтердегі ұғымдарға, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен ондағы жәдігерлерге, жерленген тұлғаларға, хикметтегі тірек сөздердің мән-мағынасын, шумақтарын толық айтып шықты. Сұрақтарға түгел жауап берген оқушыларға жоғары ұпай қойылды.

🔗Екі кезең қорытындысы бойынша облыс атынан барған *”Қалалық қазақ мектеп-лицейі” КММ 8-сынып оқушысы* *Биболова Нұрай 🥉III дәрежелі мақтау қағазымен* марапатталды. *Жетекшілері тарих пәні бойынша дайындаған Н.М.Жарова мен 40 хикмет жаттатқан қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Э.О. Бозекенова АЛҒЫС ХАТТАРМЕН марапатталды.*

Жеңімпаз оқушымыз бен жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз!💐