
8-10 қазан аралығында Атырау қаласында жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында «Махамбет оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсы өткізілді
2025 жылдың 8-10 қазан аралығында Атырау қаласында жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында «Махамбет оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсы өткізілді.
📚Конкурсқа Абай облысынан 5 бағыт бойынша 5 оқушы қатысты.
📌Байқау нәтижесінде:
«Ел құтқарар ер едім...» - Махамбет шығармаларын жатқа оқу бағыты бойынша жүлделі 🥇 орын және 100 мың теңгелік қаржылай сыйлықпен Абай ауданы, Жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Амангелдина Мадина марапатталды.
Жетекшісі: Әрімбекова Үміт Серікқызы.
⚜️«Шашақты найза, шалқар күй» - Махамбет күйлерін орындаушылар бағыты бойынша Мақаншы ауданы, Қарабұлақ орта мектеп-бақшасының 10 сынып оқушысы Шәріпқан Жалғас Атырау облысы Білім беру басқармасының басшысы М.Абуовтың Алғыс хатымен марапатталды.
Жетекшісі: Кикбаева Құралай Жунускановна.
🔸Атырау облысы Білім беру басқармасы Таланттарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен қатысушыларға Өлкетану мұражайына, Ш.Сариев атындағы қолданбалы-сәндік өнер музейіне, Атыраудың көрнекі жерлеріне саяхат ұйымдастырылды.