🔻1-кезең: сұраулы тақырыпты «иә-жоқ» деп қорғады. Басты назар тақырыпты ашуға, өз ұстанымын соңына дейін, ең бастысы көркемдік деңгейде қорғалуына аударылды.
🔻2 кезеңде екі тарап ауысты. 1 кезеңдегі көзқарасына қарсы уәж айтты.
🔻3 кезең «кесімді сөз». Талқыланған мәселенің шығу жолдарын, ұсыныс пікірін, ұстанымын ұтқыр сөзбен қорғады.
🔻4 кезең сұрақ қою. Екі қатысушы тақырып аясында бір-біріне нақты әрі өзекті сауал қойды.
Жүлделі 🥇І орынды «Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназия» КММ 11-сынып оқушысы Бәкіров Асылжан иеленді;
🥈ІІ орындарды «№22ЖОББМ-Л» КММ 8-сынып оқушысы Мерсалихова Аружан мен «№44 ОМ» КММ 9-сынып оқушысы Закен Балауса қанжығаласа;
🥉ІІІ орындарды «№44 ОМ» КММ 8-сынып оқушысы Бурабай Бүрлен, «А.Байтұрсынұлы атындағы №47 ЖОББМ» КММ 10-сынып оқушысы Әлібекқызы Амангүл, «№44 ОМ» КММ 10-сынып оқушысы Шериазданова Каусар теңдей бөлісті.
🔗Әділ-қазылар алқасының қорытынды хаттамасының шешіміне сәйкес талантымен, өнерімен танылған байқау жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен, номинациялармен марапатталды, барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.👏🏻