8-11 сынып оқушылары арасында республикалық Махамбет оқуларының облыстық кезеңі өткізілді.

📘Байқау 5 бағыт бойынша өтті👇🏻
🔶1.«Ұлы арман» -Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу;
🔶2.«Ел құтқарар ер едім...»- Махамбет шығармаларын жатқа оқу;
🔶3.«Шашақты найза, шалқар күй»- Махамбет күйлерін орындау;
🔶4.«Тартынбай сөйлер асылмын»- жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқуы;
🔶5.«Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер»- таныстырылым тақырыптарын қорғау.

📝 Әділқазылар алқасының қорытынды хаттамасының шешіміне сәйкес талантымен, өнерімен танылған байқау жеңімпаздары 🥇🥈🥉дәрежелі дипломдармен марапатталды, барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.