Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
(сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Абай облысы бойынша департаменті мен Абай облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының бірлесе жұмыс жүйесінің кешенді жоспары аясында 2025 жылдың 14 мамырында жалпы білім беретін мектептер мен облыстың мамандандырылған мектептерінің 9-10 сыныптар арасында өтетін «Жемқорлық-құқықты бұзу картасы» облыстық ғылыми жоба байқауын өткізеді.
Конкурстың мақсаты: сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес мәселесі бойынша оқушылардың білімін тереңдету және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жолдары болып табылады.
🔹Байқау: 14 мамыр күні қашықтықтан өткізіледі.
🔹Байқаудың қорытындысы БАҚ және abai_daryn_ortalygy инстаграмында жарияланады.