Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

«Abay First Regional 2025» аймақтық кезеңі өткізілді

«Abay First Regional 2025» аймақтық кезеңі өткізілді

Дарын Орталығы

Абай облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2025 жылғы 29-30 қараша күндері «FIRST» халықаралық байқауының «Abay First Regional 2025» аймақтық кезеңі өткізілді.
🔶Мақсаты: STEM дағдылар мен цифрлық технологияларды дәріптеу, оқушылардың ғылыми-техникалық қызметке деген қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Байқауға 250-ге жуық қатысушы қатысты. Соның ішінде Алматы қаласы, Жетісу облысы, Қарағанды қаласы, Ақмола облысы және Абай облысының мектептерінен оқушылар қазіргі заманның өзекті мәселелерін шешуге қабілетті инновациялық роботтар жасау үшін бақ сынады.
🔶FIRST® бағдарламалары оқушылардың жасы мен қызығушылықтарына байланысты 3 бағытта өтті.
-FIRST LEGO League Challenge – оқушылар LEGO роботтарын бағдарламалап, зерттеу жобаларымен жұмыс істейтін робототехника жарыстары. Бұл бағыт бойынша жеңімпаздар:
🔸Robo Soul командасы, Семей қаласы, “Экономикалық лицейі
🔸Alma Gr командасы, Семей қаласы, “Назарбаев Зияткерлік мектебі”
FIRST® Tech Challenge (FTC)– роботтарды жасап, нақты мәселелерді шешу үшін бағдарламалау дағдыларын дамытатын робототехника бағдарламасы.
Бұл категория бойынша:
-🔸MLP - Алматы облысы
-🔸Phobos- Алматы облысы
-🔸Y-Tech- Алматы облысы
-🔸Internox - Семей қаласы, “№ 50 жалпы орта білім беретін IT-мектеп-лицейі” КММ.
Осы 4 команда 2026 жылы Астана қаласында өтетін Орталық Азияның халықаралық “Central Asia FIRST Championship 2026” чемпионатына қатысуға квота жеңіп алды.👏🏻
 Құттықтаймыз!!!👏🏻