Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

«Abay FIRST Scrimmage 2025» облыстық семинары өтті

«Abay FIRST Scrimmage 2025» облыстық семинары өтті

Дарын Орталығы

🏛️Абай облысының білім басқармасы ММ «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» КМҚК, 2025 жылдың 23 қазанында Семей қаласы білім бөлімінің “№ 51 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ базасында информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Abay FIRST Scrimmage 2025» облыстық семинары өтті.
📚​ Семинардың мақсаты- STEM дағдылар мен цифрлық технологияларды дәріптеу, оқушылардың ғылыми-техникалық қызметке деген қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру.

🔹Іс-шараға аудандық, қалалық білім бөлімдерінен және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерінен 70 -ке жуық информатика пәні мен робототехника саласының мұғалімдері қатысты.
Семинар барысында, ментор Тұрсынбеков Айдос Асқатұлы және Елшатов Еділ Әділғазыұлы мұғалімдерге робототехниканың маңызын түсіндіріп, 𝙁𝙄𝙍𝙎𝙏 бағдарламалары туралы керемет тәжірибемен бөлісті.

🔹Scrimmage - мұғалімдерге арналған воркшоптар мен семинарлар өткізіліп және командаларды жарыстарға тиімді дайындау әдістерін жақсырақ түсінуге көмектеседі. Бұл педагогтарға білімдерімен және тәжірибелерімен алмасуға, сондай-ақ алдағы турнирлерде қатысушыларды қолдауды жақсартуға мүмкіндік береді.
Мұндай іс-шаралар командалар мен жаттықтырушыларға тәжірибе жинауға, күшті және әлсіз жақтарын анықтауға және негізгі жарыстарға дейін қажетті жетілдірулер енгізуге көмектеседі.