⚡️Абай облысында балалардың қатысуымен «Балалар үні» дөңгелек үстелі өтті
✨1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Абай облысында «Бала әл-ауқаты – мемлекеттің қамқорлығы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға облыстық білім басқармасының өкілдері, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкіл, білім саласының ардагерлері, қоғам белсенділері, балалар қозғалысының көшбасшылары мен оқушылар қатысты. Сонымен қатар облыстың барлық аудандарынан 100-ге жуық мектеп онлайн форматта қосылды.
📍Дөңгелек үстелдің басты ерекшелігі – іс-шараны балалардың өздері жүргізіп, еркін пікір алмасуға мүмкіндік алды. Шара барысында бала құқығы, қауіпсіздігі, тәрбиесі, бақытты балалық шақтың маңызы секілді өзекті тақырыптар көтерілді. Оқушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстары мен тілектерін білдірді.
📌Толық ақпарат телеграм арнамызда: РСК области Абай
@abai_bilim_basqarmasy
@rspc_daryn
@rumcdo_official


