Абай облысының білім басқармасының жоспарына сәйкес, Халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының облыстық кезеңі 16-18 мамыр аралығында өтеді.

♦️Жиынның мақсаты мен міндеттері
➢ жастар арасында әскери-патриоттық жұмыстарды жетілдіру;
➢ Қазақстан Республикасының қорғаушыларын даярлау;
➢ салауатты өмір салтын насихаттау;
➢ турнир әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту және насихаттау;
➢ спортшылардың тактикалық және техникалық шеберлігін арттыру;
➢ жастарды спортпен шұғылдануға тарту;
➢ Халықаралық”Айбын” әскери-патриоттық жастар жиынына қатысуға мықты командалар мен спортшыларды анықтау.

🔖Іріктеу турнирінің ұйымдастырушылары:
▫️Абай облысы білім басқармасы, «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылымы-әдістемелік «Дарын» орталығы» коммуналық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны,
▫️«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы, Абай облысы ішкі саясат басқармасы,
▫️Абай облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті, ҚР«Әскери-спорт клубтары федерациясы» ҚБ, «Дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицейі интернаты» КММ.

📍Турнир қатысушылар құрамы 7 адам, 5 ұл, 2 қыз бала аудандық, қалалық әскери-патриоттық клуб тәрбиеленушілері қатысады.

⚜️Турнир бағдарламасы:
1. Көрнекті құралдар көрмесін, өз жетістіктері клубтары туралы бейнероликтер өткізу, өз қалаларының, аудандарының және оқу орындарының тұсаукесері - 2 қатысушы;
2. “Айбын жұлдызы” шығармашылық байқауы - (барлық команда).
3. “Smart Sarbaz” робототехника байқауы - 2 қатысушы.
4. Әскери-спорттық бағдарлама әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша:
1) белтемірге тартылу – 5 қатысушы;
2) 1 минут ішінде арқаға жатып денені көтеру – 2 қатысушы;
3) пневматикалық мылтықтан ату – 5 қатысушы;
4) АК-74 автоматын толық бөлшектеу және жинақтау – 7 қатысушы;
5) әскерилендірілген эстафета – 4 қатысушы;
6) арқан тартысу – 5 қатысушы;
7) 3000 метрге жүгіру – 5 қатысушы;
8) 1000 метрге жүгіру – 2 қатысушы.

❇️Жалпы есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер командалар дипломдармен және кубоктармен марапатталады. жекелей сында жүлделі орынға ие болған қатысушылар дипломдармен және медальдармен марапатталады.