29 тамыз күні ҚР Ұлттық музейінде «El Umiti» премиясының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген дарынды студенттер мен оқушылар өздері бірнеше ай бойы әзірлеген әлеуметтік жобаларын таныстырды.
Байқау нәтижесінде жеңімпаздарға 500 000 теңгеден 2 000 000 теңгеге дейін білім гранттары табысталды.
Қатысушылар екі кезеңнен қатаң іріктеуден өтті. Алғашқы кезеңде олар 7 түрлі бағыт бойынша оқу курстарына қатысып, жарыстарда бақ сынады. Ал соңгы кезеңде өздерінін әлеуметтік
жобаларын қорғады.
💫Абай облысының «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінін, 11-сынып
оқушылары Ерасыл Жумабай, Алдияр Дюсенбек және Нұрали
Сулейменов ұсынған «BILi'm INNOVATION» жобасы үздік деп танылып, 1-орынды иеленді. Жеңімпаздарға 2 000 000 теңге көлеміндегі білім гранты табысталды. Бұл жоба оқушыларды
пәндік олимпиадаларға және ғылыми жобаларға дайындауды көздейді. Жоба сабақтан тыс уақытта тереңірек білім алуға, әрі оқушылардың оқу үлгерімін арттыруға мүмкіндік береді.
«El Umiti» премиясы - «El Umiti» Корпоративтік қорының бірегей жобасы. Ол әртүрлі салаларда өз-өзін дамытуға және жоғары натижелерге кол жеткізуге багытталган. Казакстан бойынша жобага 800 бала тіркелген. Финалға жеткен 10 жоба ішінде Абай облысынан ұсынылган жоба жеңімпаз атанды.