АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ДІЛМАР» ШЕШЕНДІК ӨНЕР БАЙҚАУЫНАН ОЛЖАЛЫ ҚАЙТТЫ

🔶Оған елімізден 12 облыс пен 3 ірі қаладан (Алматы, Астана, Шымкент) және Назарбаев зияткерлік мектебінен 24 оқушы қатысып, сөйлеу шеберлігін сыннан өткізді.

🔵Байқау оқушыларға сөз өнерінің ерекшелігі мен
жүйелі сөз саптау шарттарын меңгерту, сөйлеу мәдениетін жүйелеу, сөз өнерінің тарихи-мәдени болмысын тану, сөз құндылығын бағалау, ұлттық тәрбие беру арқылы әдеби тіл нормасына сәйкес мемлекеттік
тілді қолданудың жаңа деңгейін қалыптастыруға бағытталды.

🔻Додада қатысушылар өзара жұптасып, жеребе негізінде таңдалған тақырыптар бойынша ой өрбітті.
Оларды бағалауда ой қисынын сақтай отырып, жылдам
әрі сауатты пікір білдіру, сөз тапқырлығы, логикалық
жүйелік, сөз көркемдігі, тіл тазалығы, тақырыпты аша
білуі сынды критерийлер негізге алынды.

◽️Нәтижесінде 8 оқушыға жүлделі орын, 4 оқушыға Арнайы жүлде табысталды. Шешендік өнер байқауының жүлделі орындарын облысымыздың оқушылары еншіледі.

🔗Семей қаласы, Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-
сынып оқушысы Үммігүлсім Жабағиева жүлделі 🥇І орын алып, 100 мың теңгемен марапатталса,🏆 Бас жүлде мен арнайы кубокты Аягөз ауданындағы №10 гимназиясының 10-сынып оқушысы Түрсәлім Әли Мұхтарұлы жеңіп алды. Әлиге 150 мың теңге ақшалай сыйлық табысталды.