2025 жылғы 2-10 шілде аралығында математика, физика, химия және информатика пәндері бойынша М.А. Алексеев атындағы XXXII халықаралық 🔹«Туймаада» оқушылар олимпиадасы өтті.
Қазақстан Республикасының құрама командасының мүшесі, Абай облысы «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы Дүйсенбеков Ерасыл химия пәні бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, қола медаль иегері атанды.
🔹Халықаралық деңгейдегі бұл жетістік оқушының жүйелі дайындық пен ғылыми ізденіске деген ынтасының, сондай-ақ жетекші педагогтердің кәсіби еңбегінің нәтижесі болып табылады.
Дүйсенбеков Ерасылды халықаралық олимпиададағы жүлдесімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да білім мен ғылым жолындағы ізденістерінде табыс, жаңа жетістіктер мен жарқын белестер тілейміз.
