Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

Абай облысының үздік жастары марапатталды!

Абай облысының үздік жастары марапатталды!

Дарын Орталығы

2025 жылдың 26 қараша күні Абай облысы әкімінің «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» жыл сайынғы сыйлығын табыстау салтанаты өтті.

Осы шарада Семей қаласының Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназиясының 11-сынып оқушысы Төкен Еділ Ролланұлы «Жылдың үздік волонтері» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Еділдің бастамасымен Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай облысымыздағы іс-шараларға 30-ға жуық мектеп оқушылары тартылды. Өзінің жоғары жауапкершілігі мен ұлтына деген сүйіспеншілігінің арқасында ол қоғамда белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастырып келеді.

Сонымен қатар, Еділ – облысымыздағы оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшысы, жас буынды ортақ іске жұмылдыра алатын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары жас лидер.

Дарынды, белсенді, отаншыл жасымызды құттықтаймыз!

Жаңа белестерді бағындыра бер, Еділ! 🌟