Абай облысының жас ғалымдары Астана төрінде топ жарды!
🎉 Абай облысының жас ғалымдары Астана төрінде топ жарды! 🏆
Абай облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес, «Дарын» ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 24–27 ақпан аралығында Астана қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсының республикалық кезеңі (жаратылыстану-математика бағыты) өтті. 🏛️✨
🎯 Негізгі мақсат: Оқушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыру және ғылыми ізденістеріне қолдау көрсету.
Абай облысының намысын 16 секция бойынша жаратылыстану-математика бағытынан 5 жоба (6 оқушы) қорғап, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Нәтижесінде біздің оқушылар жүлделі орындарға ие болды:
🥇 І дәрежелі диплом (Алтын медаль)
🔹 Физика секциясы (жеке жұмыс):
Досмагулов Алемхан – Семей қаласы, «№4 жалпы білім беретін мектебі» КММ, 11-сынып оқушысы. 🌟
🥉 ІІІ дәрежелі диплом (Қола медаль)
🔹 Биология секциясы (топтық жұмыс):
Оспанғали Ернұр және Слямов Арнұр – Семей қаласы, «Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернаты», 10-сынып оқушылары. 🧬🤝
📜 Грамота иегерлері:
🔹 Физика секциясы:
Еранцев Артем – Семей қаласы, №29 «Пальмира» жалпы орта білім беретін мектебі, 10-сынып оқушысы. ⚡
🔹 Жер және ғарыш туралы ғылым секциясы:
Исабеков Алинур – Бесқарағай ауданы, «Н. Баймұратов атындағы орта мектебі» КММ, 11-сынып оқушысы. 🌍🚀
🎊 Барлық жүлдегерлер мен жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Жас зерттеушілерімізге алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз! 💐👏