⚜️Абай оқулары аясында өткізілген іс-шаралар шеңберінде оқушыларға жетекшілік етіп келген ұстаздар үшін *Семей педагогикалық колледжіне* арнайы танымжорық ұйымдастырылды.
⚜️Танымжорықтың мақсаты – педагогикалық бағыттағы білім беру мекемесінің қызметімен танысу, кәсіби бағдар беру бағытында тәжірибе алмасу, сондай-ақ ұстаздардың білім беру саласына деген қызығушылығын арттыру.
⚜️Қонақтарды колледж директоры – *ІІ дәрежелі «Барыс» орденінің иегері, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, филология ғылымдарының кандидаты Жанаева Шағангүл Алдамжарқызы* қарсы алып, оқу орнының тарихы, жетістіктері мен даму бағыттары туралы жан-жақты мағлұмат берді.
⚜️Қатысушы ұстаздар колледждің оқу кабинеттері, зертханалары, шығармашылық студиялары мен тәжірибелік алаңдарын аралап, оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысты. Іс-шараны қолдап, белсенділік танытқан жетекші ұстаздарға алғыс білдіреміз!
