Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

«Адал Ұрпақ» облыстық байқауы өтті

«Адал Ұрпақ» облыстық байқауы өтті

Дарын Орталығы

✅«Адал Ұрпақ» облыстық байқауы өтті!

2025 жылдың 03 желтоқсанында Семей қаласының №17 жалпы орта білім беретін мектебі базасында Абай облысының білім басқармасы «Дарын» орталығы және «Тәуелсіз зерттеулер орталығы» қоғамдық бірлестігі бірлесе ұйымдастырған «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық байқауы өтті.

📌Байқауға 6 қатысушыдан құралған 12 команда қатысты. Қатысушылар өз жобалары мен бастамаларын ұсынып, көшбасшылық, ұйымшылдық пен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

📍Нәтижесінде:

І орын - Бородулиха ауданы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейхан атындағы қазақ орта мектебі» КММ «Жалын» тобы;

ІІ орын - Семей қаласы білім бөлімінің «№ 32 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ «Адал өрен»;

ІІ орын - Аягөз ауданы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ «Адал Альянс» еріктілер клубы;

ІІІ орын - Жаңасемей ауданы білім бөлімінің «Шақаман жалпы орта білім беретін мектебі» КММ «АДАЛ TEAM»;

ІІІ орын - Абай ауданы білім бөлімінің «Көкбай атындағы орта мектебі» КММ «SMART» адал ұрпақ клубы;

ІІІ орын - Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы;

«Креативті бейнеролик» номинациясы бойынша Ақсуат ауданы білім бөлімінің «Би Боранбай атындағы орта мектебі» КММ «Шындық шырағы» тобы;

🔶«Презентация ерекшелігі» номинациясы бойынша Көкпекті ауданы білім бөлімінің «Преображенка орта мектебі» КММ «Адал Ұрпақ» командасы марапатталды.

📌Жеңімпаздарға Абай облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы Ж. Жұмаділовтың атынан дипломдар және бағалы сыйлықтар табысталды.

Бұл шара жас белсенділердің жауапкершілік пен парасаттылық мәдениетін дамытуға бағытталды.

Барлық қатысушы командаларға алғыс білдіреміз!

Жас көшбасшыларға шабыт пен жаңа жетістіктер тілейміз!