«Адалдық-адамдық белгісі» облыстық бейнеролик байқауы өткізіледі
Дарын Орталығы
Абай облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жоспары аясында 2025 жылдың 12 желтоқсанында жалпы білім беретін мектептер мен облыстың мамандандырылған мектептерінің 2-7 сыныптар арасында өтетін «Адалдық-адамдық белгісі» облыстық бейнеролик байқауын өткізеді.
Конкурстың мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем» төзбеушілікті қалыптастыру.
🌐Байқау: 12 желтоқсан күні қашықтықтан өткізіледі.
🔰Байқаудың қорытындысы abaidaryn.kz сайтында және abai_daryn_ortalygy инстаграмында жарияланады.