«Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауының облыстық кезеңі онлайн форматта өтті
2026 жылдың 27 ақпанында «Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауының облыстық кезеңі онлайн форматта өтті. Байқауға 9 ауданнан 10 би тобы, 80 оқушы қатысты. Фестиваль-байқаудың мақсаты білім алушылардың хореографиялық,шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және одан әрі дамыту бойынша жүйелі және мақсатты іс-шаралар жүргізу, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға тарту.Байқаудың нәтижесі бойынша жүлдегерлер анықталып, І орын алған би тобы республикалық кезеңге жолдама алды.
🥇орын - Семей қаласы білім бөлімінің «Облыстық балет мектебі», Grand Pas (Гранд Па) би тобы, Жетекшісі: Кучербаева А.К.;
🥈орын- Көкпекті ауданы білім бөлімінің “Оқушылар шығармашылық сарайы”, «Балауса» би тобы, Жетекшісі: Оспанова Н.Е:
🥉 орын- Жарма ауданы білім бөлімінің “Өнер мектебі” КМҚК, «Кербез» би тобы, Жетекшісі: Садуова А.А.:
🔗«Үздік хореографиялық ұжым» номинациясымен Бородулиха ауданы білім бөлімінің «Шығармашылық үйі» КМҚК, «Айналайын» би тобы марапатталды.
Барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.
Жүлделі 🥇 орын алған би тобы Абай облысының намысын қорғап, республикалық кезеңде өнерлерін көрсетеді. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!