Ақсуат ауданының білім бөлімінде «Дарынды балалармен жұмысты «бала-мұғалім-ата-ана» жүйесінде өзара іс-қимылды қамтамасыз ету бағытында әдістемелік көмек ұйымдастыру» тақырыбында роуд-шоу өтті

🟥 Роуд-шоуды өткізудің мақсаты: ауданның мұғалімдеріне, ата-аналарға дарынды балаларды анықтау, қолдау және дамытуда кездесетін кедергілерді анықтау және оны шешудің жолдарымен таныстыру, әдістемелік көмек көрсету.


📘Роуд-шоу 6 модуль бойынша өтті.

🔊Аталған іс-шараға ауданның білім бөлімінің әдіскерлері, мектеп директорлары, директордың орынбасарлары, педагог-психологтар, математика, физика, химия, биология, география пәнінің мұғалімдері, педагог-ардагерлер және ата-аналар қатысты.

📒Пленарлық бөлімде
▫️Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының директоры С. Оспанова ауданның балаларды анықтау, оқыту, қолдау жөніндегі жұмысына жан-жақты талдау жасады.

▫️Семей қаласының «Ы. Алтынсарин ат. № 37 гимназия» КМҚК директоры Ж. Малгаждарова білім беру ұйымдарында әрбір баланың таланты мен қызығушылығын дамытудағы бастапқы мүмкіндіктер беру туралы ақпаратпен бөлісті.

▫️Абай мамандандырылған мектеп гимназия интернаты директорының орынбасары Тайгулова Г. А. дарынды және қабілетті балалармен жұмыс жүйесінде бақылауды қалыптастырудың жолдарын атап өтті.