Ашық диктант

📝 Мақсаты: мемлекеттік тілдің Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде қоғамдағы рөлін нығайту.
📌Міндеттері:
- диктантқа қатысушыларға мемлекеттік тілде сауатты жазу деңгейін тексеруге мүмкіндік беру;
-этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыруға, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайтуға атсалысу.
🔷Диктантқа қатысушылар:
- 9-11 сынып оқушылары;
- барлық ниет білдірушілер.
🔷Күтілетін нәтижелер:
- азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыруға ықпал ету;
- мемлекеттік тілді меңгеру ұлтты ұйыстыру жолындағы айырықша маңызды қадам екенін жастардың санасында орнықтыру.

🔍Ұйымдастырушылар: Абай облысы білім басқармасы ДпҚББДОҒӘ «Дарын» орталығы

📞Қосымша ақпарат үшін байланыс тел: 87027051925 , 87007175827