Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

Astana FIRST Qualifier 2026 чемпионатын өткізді

Astana FIRST Qualifier 2026 чемпионатын өткізді

Дарын Орталығы

🤖 «USTEM Foundation» қоғамдық қоры 2026 жылғы 23–26 қаңтар күндері 🗓️ Астана қаласында 🏙️ робототехника бойынша Astana FIRST Qualifier 2026 чемпионатын өткізді 🚀

🎓 Жастардың инженерлік және шығармашылық әлеуетін арттыруға бағытталған Jasampaz Urpaq жобасы аясында өткен бұл шараға 👥 Мақаншы, Аягөз, Бесқарағай және Жаңасемей аудандарының мектеп оқушылары мен жетекшілері қатысты.

🧠⚙️ FIRST чемпионатына қатысу оқушыларға робототехника және STEM бағыттары бойынша білімдері мен дағдыларын дамытуға, сондай-ақ 🤝 пікірлес жастармен танысып, тәжірибе алмасуға бірегей мүмкіндік берді.

🏆 Жарыс қорытындысы бойынша Мақаншы ауданы атынан қатысқан «Maqanshy» командасы 🎉 үлкен жетістікке жетіп, ✈️ 2026 жылғы 10–13 ақпан аралығында Астана қаласында өтетін 🌍 Central Asia FIRST Championship 2026 халықаралық чемпионатына жолдама жеңіп алды! 🚀🔥

🔗Бұл жеңіске төмендегі білім ордаларының оқушылары өз үлестерін қосты:
«С.Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ оқушылары:
​•​6 «В» сыныбы – Тиемов Ә., Сабыржан А.
​•​5 «В» сыныбы – Қызырхан Н.
​•​5 «Ә» сыныбы – Назарғали Н.

«Мақаншы орта мектеп-бақшасы» КММ оқушылары:
​•​7 «Б» сыныбы – Нұрахмет Н., Оспанов А.

«Ә.Найманбай атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ оқушылары:
​•​10 «А» сыныбы – Махмуд Ғ., Нығметолла А.
​•​8 «В» сыныбы – Сембай Б.
​•​9 «Г» сыныбы – Сағади А.
👏👏Жас робототехниктерімізді жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы халықаралық чемпионатта сәттілік тілейміз!🤖💪✨