Астана қаласында 21-22 мамыр күндері «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының республикалық кезеңі өткізілді.

🔊Олимпиаданың мақсаты мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақ халқының әдеби, мәдени және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау.
Дүбірлі додаға 7-11 сынып оқушылары қатысты. Білім бәйгесі бес бағыт бойынша өткізілді.

📍Олимпиадада Абай облысының намысын қорғаған оқушылар жеңіс тұғырынан көрінді:
- «Жас қаламгер» байқауы бойынша Семей қаласындағы №35 мектептің 10-сынып оқушысы Құмарова Ақнұр 🥇1-орын иеленді;
- «Бейнелеушілер» байқауы (қазақ тобы) бойынша Семей, Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясының 11-сынып оқушысы Серікбаева Айым
🥈2-орын иеленіп, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің грантын иеленді;
- «Бейнелеушілер» байқауы (орыс тобы) бойынша Семей қаласындағы №6 гимназияның 9-сынып оқушысы Логвиненко Екатерина 🥈2-орын иеленді;
- «Білгірлер бәйгесі» байқауы бойынша Аягөз, Қалалық қазақ мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Бейсекенова Ақкербез 🥉3-орын иеленіп, Семей, Шәкәрім атындағы университетінің грантын иеленді;
- «Сөз шеберлері» байқауы бойынша Абай, Абай ат. ММГИ 11-сынып оқушысы Тұрсынова Нұрайым 🥉3-орын иеленіп, Семей, Шәкәрім атындағы университетінің грантын иеленді. Жүлдегер оқушыларға қаржылай сыйлықтар табысталды.

Абай елінің мәртебесін асқақтатқан оқушыларымызды құттықтаймыз.💐