*Astana Robotics & Drone Qualifier ‘26* чемпионаты өтті
✔️2026 жылдың 23–26 қаңтары аралығында елорда Астана қаласында *JASAMPAZ URPAQ* жобасы аясында өткен *Astana Robotics & Drone Qualifier ‘26* чемпионаты нағыз технологиялық шоуға айналды.
Аталмыш додада Абай облысы, Аягөз ауданы білім бөлімінің «Қалалық қазақ мектеп-лицейі» КММ намысын қорғаған *“Robo Spark”* командалары жарқырай көрініп, super нәтижеге қол жеткізді 🚀
🔹 Кіші топ *FLL Explorer* бағыты бойынша өз жобаларын жоғары деңгейде қорғап, *“Enthusiasm and Dedication Award Winner”* номинациясын иеленді.
🔹 Ал орта топ *FLL Challenge* санатында инженерлік ойлау, нақты стратегия және смарт шешімдердің арқасында *“Engineering Excellence Award Winners”* атағын қанжығасына байлады.
Тиянақты тактика мен озық идеялардың синергиясы төрешілер тарапынан жоғары баға алып, екі бірдей командаға 2026 жылдың 10–13 ақпаны аралығында Астана қаласында өтетін *Central Asia FIRST Championship 2026* халықаралық чемпионатына тікелей жолдама сыйлады 🌍🔥
Бұл жетістік — білімі мен тәжірибесі ұштасқан, креатив пен кәсібилікті қатар алып жүрген жетекшілердің тынымсыз еңбегінің айқын дәлелі.
Командаларды биік белеске жетелеген мықты менторлар:
Исабаев Рауан Манарбекұлы, Абдилдина Асел Сакеновна, Жұматай Саулет Берікқанұлы.
Болашақ инженерлерімізге және олардың жетекшілеріне Азия чемпионатында топ жарып, халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғауларына шын жүректен сәттілік тілейміз! 🌟
Алға, Robo Spark! 💥🤖